Алматы облысында 4 жасар қыз батуттың кесірінен опат бола жаздады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 4 жастағы қыз батуттың кесірінен опат бола жаздады. Оқиға Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында болған. Батутта алаңсыз ойнап жүрген баланың кенеттен тесікке түсіп кеткен сәті бейнежазбаға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 тамыз күні кешкі сағат 20:00 шамасындағы оқиға Жаркенттегі саябақтардың бірінде орын алған. 4 жасар баланың туысы әлеуметтік желіге кенеттен болған жағдай туралы жазып, барлық ата-аналарды балаларына барынша абай болуға шақырған. Оның жазбасында 4 жасар жиені батуттың 2 метрдей терең тесігіне түсіп кеткен. Видео авторы ыстық ауаға толы тар жерден қаршадай қызды әрең шығарғанын жазады.

Аталған оқиғаны Жаркенттегі прокуратура қызметі растады. Бірақ күтпеген жағдайға тап болған баланың ата-анасы ешбір құзырлы органға арыз жазбағанын жеткізді.



Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар