Алматы облысында 4 мыңнан аса адам карантин талабын бұзған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 4 мыңнан аса адам карантин талаптарын бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, облыста «Ashyq» жобасын 10 446 нысан қолданады.

«Мониторинг тобы шағын және орта бизнестің 9092 субъектісін қамтып, қосымшаның талаптарын бұзған 1208 нысанды «Ashyq» платформасынан шығарды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылдың 10 маусымы мен 6 желтоқсан аралығында Алматы облысы азаматтарының арасынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 4042 тұрғын анықталды. Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар - 3003 адам және «сары» мәртебесі бар - 1039 адам тіркелді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 7 875 880 теңге сомасына 178 айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантинін сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 429 қаулы берілді.


Соңғы жаңалықтар