Алматы облысында 4 адамды мылтықпен атып өлтірді деген күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 4 адамды мылтықпен атып өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Оқиға 2020 жылдың 7-ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында болған. Бір топ адам аңшы мылтығымен төрт адамды өлтірген. Қару тәркіленді»,- деп мәлімдеді онлайн-брифингте Ішкі істер министрлігінің Басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов.

Оның сөзінше, тағы бір адам өлтіруге қатысты деген күдікпен Тараз қаласында ұсталған. Сонымен қатар, Д.Қозыбақов Алматы және Алматы облысындағы 6 тұрғынның қолға түскенін жеткізді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, арматура беріп, әскери қызметкеркерге қарсылық көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында уақытша және тергеу изоляторынан 33 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған жасөспірім босатылып, қолхатпен ата-аналарына жіберілген болатын.


Соңғы жаңалықтар