Алматы облысында 38 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 38 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Іле ауданында – 7, Талдықорған қаласында – 6, Алакөл ауданында – 5, Қарасай және Талғар аудандарында 4 жағдайдан, Қаратал және Кербұлақ аудандарында 3 жағдайдан, Балқаш, Көксу, Сарқан, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай және Текелі қалаларында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 75 адам емделіп шықты. Өңір - «жасыл» аймақта.

«3 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 719 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 61 адам түсті. Ауруханалардағы төсек орындар саны – 1790. Төсек-орын жүктемесі – 40,1 %. Соңғы 3 күнде 4018 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 864 122. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2 349. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 790 241. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 2 349 адам.


Соңғы жаңалықтар