+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Алматы облысында 37 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

2021 жылғы 9 шілде 10:52
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 37 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Ashyq» жобасының 37 қатысушысы нысанда келушілердің тіркелмеуіне байланысты жобадан шығарылды. Жалпы өңір бойынша 893 нысан «Ashyq» аясында қызметін жалғастыруда,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды Алматыда карантин талабын бұзған 26 мекеме анықталды

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, 806 нысан «Ashyq» жобасының қатысушы болып табылады, тағы 87 нысан сынақ режимінде жұмыс істейді.

«Ashyq» жобасы іске қосылған уақыттан бастап нысанда келушілерді тіркеу саны бойынша 9 көшбасшы-қатысушы анықталды. Оларға «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі берілді. Жобаның 37 қатысушысы жергілікті атқарушы органның хаты негізінде нөлдік көрсеткіштері себебінен жобадан шығарылды. Аталған нысандарда QR-код бойынша келушілерді тіркемеу фактілері анықталған. Жобаның көшбасшылары мен аутсайдерлерінің тізімі облыс әкімдігінің сайтында жарияланған», - деді Әсет Шаяхметов.

Айта кету керек, қазір «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға келушілер тек «Ashyq» қосымшасын ғана емес, Aitu, Egov mobile, Kaspi.kz, Halyk Homebank, Sberbank.kz платформаларын да пайдалана алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT