+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматы облысында 30 жастағы ер адам анасының алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген

2021 жылғы 18 маусым 07:31
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 30 жастағы ер адам анасының алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 30 жастағы ер адам туған анасының алтынын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген. Алған қаражатты өз қажетіне жұмсаған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты Ақтөбелік СҚО-да синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ШҚО тұрғындары жол бойынан жарылғыш зат салынған қапшықтар тауып алды

Алматы облыстық полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасына Шелек ауылының 59 жастағы тұрғыны арызданған. Ол үйде тұрған әмиянның ішінен алтын сақинасының жоғалғанына шағымданған.

Тергеу барысында әйел адам ұлынан ломбардқа өткізілген алтынның түбіртегін тауып алды.

Полицейлер 30 жастағы ер адам анасының алтынын ұрлағанын анықтады. Ұсталған күдікті кінәсін мойындаған. Сөзінше ол бағалы затты ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажетіне жұмсаған. Алтынды қандай ломбардтың сатып алғаны анықталмады. Бұл факті ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі, яғни, «Ұрлық» бойынша тіркеліп, күдікті ешқайда кетпеу қолхатымен жіберілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT