+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алматы облысында 3 жастағы қыз бала жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті

2021 жылғы 17 мамыр 16:10
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 3 жастағы қыз бала жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 3 жастағы қыз бала жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті. Абырой болғанда, бала дін аман, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алтыншы қабаттан құлаған сәби аман қалды Оралда өзенге құлап кеткен екі бала құтқарылды СҚО жолдарында 18 бала зардап шекті

Бұл сәт келе жатқан өзге көліктің бейнежазбасына түсіп қалған. Видеода жеңіл көліктің бұрылып жатқан сәтінде есігі ашылып, баланың жолдың үстіне құлағанын көруге болады. Кішкентай қыз бала құлаған жерінен өзі тұрады. Осы сәтте анасы көліктен шығып, жүгіріп келіп, құшағына алады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша пікір білдірді.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «Hundai Elantra« көлігінен кішкентай баланың көліктен құлаған фактісі анықталды. Тексеру барысында оқиғаның бүгін Іле ауданының Өтеген батыр ауылында болғаны белгілі болды. Жедел іздестіру кезінде көліктің иесі 32 жастағы әйел екені анықталды. Ол — үш жастағы баланың анасы. Кішкентай қыз оқиға болған сәтте көліктің артында арнайы қорғанатын белдіксіз отырған. Абырой болғанда, бала аман. Көліктің иесіне әкімшілік іс қозғалды»,- деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT