+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Алматы облысында 3 студентті тонаған қарақшылар ұсталды

2020 жылғы 24 ақпан 20:16
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 3 студентті тонаған қарақшылар ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат –Қаскелең қаласында колледж студенттерін тонағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда шойын қақпақтарды ұрлағандар ұсталды Шымкенттік әйел тұрғындарға 42500 теңге алуға көмектесемін деп хабарлама таратқан Алматыда көлік астына әдейі түспек болған ер адам ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 22-00 шамасында Қарасай ауданының Полиция басқармасына жергілікті колледждерде оқитын үш студенттің ата-анасы хабарласып, білім ордасының аумағында белгісіз екі адам 3 студентке күш қолданып, қымбат телефондарын алып кеткенін жеткізген.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар екі күдіктіні ұстады. Олар 17 және 19 жастағы Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты. Сыртқы бейнебақылау камераларына түскен күдіктілерді зардап шегушілер де жазбай таныды. Олар жасаған қылмыстарын мойындады және сол уақыт аралығында телефондарды Алматы қаласындағы базарлардың бірінде сатып жібергені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың бұдан өзге қылмыстарға қатысы бары тексерілуде»,- деп атап өтті Қарасай ауданы полициясы бастығының орынбасары Абай Тынышбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT