Алматы облысында 293 тұрғын үй бар елді мекенді су басу қаупі жойылды

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысының Жиделі ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта су басу қаупі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және мердігер ұйым үйінді бөгет салу және суару арнасын механикаландырылған тәсілмен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 45 тоннаға жуық инертті материал төселген, су жүру қаупі жоқ.

Осы жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның 25 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпандағы шолу кезінде Балқаш ауданы Жиделі ауылдық округі аумағындағы Бәйменей ағынының Балқаш көліне құятын жерінде мұз кептеліп қалған. Каналдың ені – 5-6 метр, тереңдігі – 4 метр, су ағыны – секундына 0,4 текше метр. Соның салдарынан Байменей өзенінен бөлінетін суару каналында су деңгейі көтеріліп, Жиделі ауылдық округін су басу қаупі туындады. Аталған ауылдық округте 293 жеке тұрғын үй бар, онда 1 330 тұрғын тұрады.



Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі



Соңғы жаңалықтар