Алматы облысында 29 бас ірі қара ұрлаған екі шығысқазақстандық ұсталды
2022 жылғы 2 шілде 03:30

Алматы облысында 29 бас ірі қара ұрлаған екі шығысқазақстандық ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 29 бас ірі қара ұрлаған екі шығысқазақстандық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны жүгінген. Өз сөзінде ол шаруа қожалығында жұмыс істеген екі малшының 24 бас ірі қараны ұрлағанын жеткізді.

«Белгілі болғандай, олар өткен жылдың қараша айынан бері өздеріне сеніп тапсырылған малды ұрлап отырды. Осылайша, жәбірленушіге 7 300 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олар жауап алу кезінде өз кінәларын мойындады. Ұрланған мал ішінара қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT