Алматы облысында 26 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 26 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарабұлақ ауылының 36 жастағы тұрғыны көптеген ұрлық фактісіне қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

«Ұсталған адамды криминалдық базалар бойынша тексеріп, тергеушілер оның Алматы облысы аумағында 26 ұрлыққа қатысы барын анықтады. Ол жымысқы әрекеттерін Қарабұлақ, Шымыр, Бақтыбай, Балпық би, Талдықорған және өзге де елді мекендерде іске асырған. Қылмысының бәрін тапатал түсте жасап, жеке үйлерден пластикалық терезелерін ашып отырған. Дәлелденген эпизодтар бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын 15 миллион теңгеден асады. Ұсталған күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұханов.

Күдікті ұрлық кезінде негізінен алтын және зергерлік бұйымдар мен ұялы телефондарды алып кеткен.

«Айғақ заттары аз қылмыстарды ашуда қылмыскерлердің қол іздері арқылы ғана анықтау сарапшы-криминалистердің асқан шеберлігін талап етеді. Міне, осы криминалист мамандардың оқиға орнынан мұқият жинаған дәлелдерінің нәтижесінде оның бірқатар қылмысқа қатыстылығы әшкереленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды»,- деді полиция подполковнигі Қайрат Баймұханов.


Соңғы жаңалықтар