Алматы облысында 26 мыңнан аса жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 26 мыңнан аса жасөспірім Pfizer вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысына 380 250 доза Pfizer вакцинасы келді. Бұл екпе жасөспірімдерге, бала емізетін аналарға және жүктілік кезіндегі әйел адамдарға арналған.

Өңірде жалпы 225 810 адам вакцина алуға тиіс.

Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер - 147 000, жүкті әйелдер - 34 510, лактация кезеңіндегі әйелдер - 44 300.

«Бүгінгі таңда аталған вакцинасының бірінші компонентін 33 295 адам алды. Оның ішінде 12 - ден 17 жасқа дейінгі 26 369 жасөспірім, лактация кезіндегі 4830 әйел және жүктілік кезіндегі 2096 адам бар»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, вакцинаның екінші компонентін 3521 адам алды.

Олардың ішінде 2872 жасөспірім, лактация кезінде 506 ана және 143 жүкті әйел бар.


Соңғы жаңалықтар