Алматы облысында 215 жасөспірім вакцина алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 215 жасөспірім вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізу үшін 318 екпе кабинеті іске қосылған. Сонымен қатар 76 жылжымалы пункт бар. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасын алғандар саны – 842 433, бұл тиісті контингенттің 70%-ы. Екінші дозасын алғандар, яғни вакциналаудың толық курсынан өткен тұрғындар саны- 768 160 адам, тиісті контингенттің 64%-ы.

«Қазіргі уақытта облыста Гам-КОВИД-Вак (Спутник V), Qaz Covid-in, Sinopharm Vero Cell секілді вакцинаның 3 түрі қолданылуда. Одан бөлек Алматы облысында 15 қарашадан бастап жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация басталды. Жалпы облысқа Comirnaty (Pfizer ) вакцинасының 46 800 дозасы келді. Бүгінгі күні вакцина алған тұрғындар саны – 240 адам, оның ішінде 215-і жасөспірім бала, 3 жүкті және 22 лактация кезіндегі әйел»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Облыстағы мектептерде 338 және медицина ұйымдарында 272 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар