Алматы облысында 21 адам коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 84 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласында 23 жағдай, Талғар ауданында – 11, Жамбыл және Қарасай аудандарында 7 жағдайдан, Панфилов ауданында – 6, Іле, Қаратал және Көксу аудандарында 5 жағдайдан, Ескелді ауданы мен Текелі қаласында 4 жағдайдан, Еңбекшіқазақ ауданында – 3, Алакөл, Балқаш, Райымбек аудандары мен Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 173 адам коронавирустан құлан-таза айығып шықты. Өңір «сары» аймақта.

«16-ақпандағы жағдай бойынша өңірде 654 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 51 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 23,5 %. Жансақтау бөлімінде 21 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 7,5 % құрайды (280 жатын орын).

Соңғы 3 күнде 4635 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 976 942. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2517. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 885 563. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 1699 адам.


Соңғы жаңалықтар