Алматы облысында 20 санитарлық бекет қойылады

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Алматы қаласынан шыға берістерге тәулік бойы жұмыс істейтін 16 санитарлық бекет орнатылады.

Бұл санитарлық бекеттерде тепловизорлары бар СЭС мамандары мен полиция жасақтары тұратын болады. Пост арқылы өтетін көліктердің барлығы дезинфекцияланады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл осындай тағы 4 бекет бүгін Талдықорған қаласының маңына қойылады. Қалаға кірген адамдар арнайы сауалнама толтырады, олардың дене қызуы өлшенеді. Бекеттен өтетін әрбір азаматтың өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруі маңызды.

Атап өтсек, облыс аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдар ашық, әзірге жабылмайды.


Соңғы жаңалықтар