Алматы облысында 20 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 20 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, Алматы облысында 225 810 адам аталған вакцинаны алуға жатады. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы балалар - 147 000, жүкті әйелдер - 34 510, лактация кезеңіндегі әйелдер - 44 300.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 24 941 адам алды. Оның ішінде 12 - ден 17 жасқа дейінгі 19 832 жасөспірім, лактация кезінде 3489 әйел және жүктілік кезінде 1620 адам.

Вакцинаның екінші компонентін 2353 адам салдырды. Олардың ішінде 1977 жасөспірім, лактация кезінде 323 әйел және 53 жүкті әйел бар.

«2021 жылдың 11 қарашасында Алматы облысына босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап бала емізетін аналар, жасөспірімдер және жүктілік кезінде 16-дан 37 аптаға дейін әйелдер үшін 46 800 доза мөлшерінде Pfizer вакцинасының бірінші партиясы әкелінді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар