Алматы облысында 2 науқастан коронавирустың «Дельта» штамы анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирустың «Дельта» штамын жұқтырудың 2 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Науқастар Талғар және Қаратал аудандарында анықталды.

«Негізінен КВИ және «Дельта» штамы вакциналанбаған тұрғындар арасында тіркеліп отыр. Бұл, вакцинацияның тиімділігі жоғары екенін көрсетеді.

Вакциналауға келетін болсақ, облысқа барлығы 408 475 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде 39 500 Hayat-Vaс, 332 975 Гам-Ковид-вак, 8000 QazVac және 28 000 CoronaVac.

Екі компонент 253 350, оның ішінде 39 500 Hayat-Vaс, Гам-Ковид-вак 177 850, QazVac 8000 және 28 000 CoronaVac», - делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бірінші компонентпен барлығы – 346 922 адам, екіншісімен – 208 094 адам егілді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстанда қолданылатын вакциналар коронавирус инфекциясының үнді, британдық, оңтүстік Африка және бразилиялық штамдарына қатысты тиімді екенін атап өткен жөн», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар