Алматы облысында 2 мың адам қазақстандық вакцинамен егілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирусқа қарсы 201 986 адам вакцина салдырды. Екінші компанетпен 108 377 адам егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында 1-ші компаненттен 207 850 доза вакцина жеткізілді. Оның ішінде 2000 Qaz-Vac, 22 000 Hayat-Vax, 183 850 Гам-Ковид-вак. Ал 2-ші компоненттен 145 210 доза келіп түсті. Оның ішінде 2000 Qaz-vac және Gam-Ковид-vakтан

143 210 дана вакцина бар.

Бірінші компанентпен 201 986 адам егілді, екінші компанетті 108 377 адам салдырды. Вакцинацияланғандардың арасында - мемлекеттік қызметкерлер – 8827, медицина қызметкерлері – 19 509, педагогтар – 30 038, БАҚ өкілдері – 95 және созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 1008 адам бар», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар