Алматы облысында 1927 жасөспірім Pfizer вакцинасын алды
2021 жылғы 29 қараша 10:51

Алматы облысында 1927 жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 1927 жасөспірім Pfizer вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдықорған қаласына 11 қарашада 16-дан 37 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, жасөспірімдер мен босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап бала емізетін аналар үшін 46 800 доза мөлшерінде Комирнати (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы әкелінді.

Алматы облысында 225 810 адам Комирнати (Pfizer) вакцинациясын алатындар тобына жатады. Оның ішінде 12-17 жастағы балалар-147 000, жүкті әйелдер - 34 510 (жүктілік мерзімі 16-37 апта), лактация кезеңіндегі әйелдер (бала туған сәттен бастап 42 күннен кейін) - 44 300 адам»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысында 1927 жасөспірім Pfizer вакцинасын алды, оның ішінде 274-і 12 мен 13 жас аралығы, 492-сі 14-15 жас, 1161-і 16-17 жас аралығындағы балалар.

«Сондай-ақ, ересек топтан 377 адам бар. Бұл лактация кезеңіндегі 325 әйел және жүктілік кезінде 52 әйел аталған вакцинаны алды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT