Алматы облысында 19 жастағы бойжеткен өзін зорлады деп танысына жала жапқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық сотының үкімімен 19 жастағы қыз кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың мамыр айында Талдықорған қаласы ПБ Батыс қалалық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабына сәйкес «Зорлау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында тергеуші өтініш берушінің жауабындағы бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады. Олар анықталған кейбір жайттарға қарама-қайшы келді.

Сараптама қорытындысымен және басқа да объективті дәлелдермен теріске шығарылды.

Өзге біреудің үстінен полицияға арызданған Көксу ауданы Мұқыр ауылының 19 жастағы тұрғынының танысына жала жапқаны әшкере болды.

Тәртіп сақшылары зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі қысқартып, көрінеу жалған сөз жеткізу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары негізінде осы жылдың қазан айында Талдықорған қалалық сотының үкімімен 19 жастағы қыз кінәлі деп танылып, оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар