Алматы облысында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 18 жастағы тұрғын Амангелді Айгүл Жанатбекқызына іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментіндегі Баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткен 13 мамыр күні үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып кеткен Айгүл Жанатбекқызын іздестіру жалғасуда. Қыз баланың бойы шамамен 166-168 см, орта денелі, көзі көкшіл-сұр. Үстіне көк шалбар, ақ жиде киген.

«Із-түзсіз жоғалған тұрғынды іздеуге ауданның полицейлері мен еріктілері жұмылдырылған. Егер кімде-кім Айгүл Амангелді жайлы қандай да бір ақпарат білетін болса бірден 8 (7282) 600-232, 600-233, 8 (727) 295-61-05, 295-63-96 немесе 102 номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар