Алматы облысында 17 жастағы жасөспірімді атып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қарасай ауданында жасөспірімдер арасындағы кикілжің соңы өліммен аяқталды. Оқиға Қаскелең қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір ҚР ҚК-нің  99  бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал 17 жастағы жігітті атқан адам әлі іздестіріліп жатыр.

«Бала ауруханада қайтыс болды. Әзірге оның қайда оқитыны белгісіз. Оқиға 17 қараша күні күндіз  үштер  шамасында болған. Атқан адам әлі іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қылмыскердің  қандай қару қолданғандығы жөнінде де  әзірге мәлімет жоқ. Іс тергеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар