Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері 17 жастағы Милана Изукаеваны іздеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғалған жасөспірім Талғар ауданындағы Қайнар ауылының тұрғыны. Ол 25 сəуір күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

«Милананың бойы шамамен 165-170 см, орта денелі, шашы ұзын, қара түсті, өзіне тəн ерекше белгі жоқ. Егер кімде-кім суреттегі қыз жайлы қандай да бір ақпараттан хабардар болса дереу 102 номеріне хабарласуларын сұраймыз», - делінген полицейлер таратқан хабарламада.

Сондай - ақ, 8 7282 95 61 05, 95 63 96 жəне 8 702 731 95 38 номерлеріне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар