Алматы облысында 17 тамыздан кейін ашылатын және жабық болатын нысандар

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – 17 тамыздан бастап Алматы облысында карантин талаптары жеңілдетіліп, бірқатар нысанның жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғам мен бизнес өкілдерінің тілектерін ескере отырып, карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетеміз. Сауда үйлерінде жұмыс істеуге рұқсат береміз, жазғы алаңдарды ашамыз. Бірақ, облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері қауіпсіздіктің негізгі ережелерін бұзбауы керек. Яғни, жаппай жиналатын орындарға бармай, қашықтық пен бетперде режимін сақтауы керек», - деді Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов.

17 тамыздан бастап жұмысын қайта бастайтын нысандар:

- сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар таңғы сағат 10.00-ден кешкі 21.00-ге дейін, бутиктер сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Демалыс күндері барлық нысандардың жұмысы тоқтатылады;

- дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінің жұмысы 21.00-ге дейін ұзартылады;

- азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын жабық базарлар 30%-ға толықтырумен жұмыс істейді. Күнделікті сағат 10.00-ден 16:00-ге дейін, көтерме базарлар таңғы 06.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс жасайды. Демалыс күндері жабық болады;

- жазғы ашық алаңдар отырғызу орындарының шектелуімен жұмыс істейді (30 адам);

- 15 адамға арналған балабақшаларда кезекші топтар ашылады;

- қоғамдық көлік таңғы 06.00-ден 22.00-ге дейін және кешкі 17.00-ден 21.00-ге дейін, 5 минут аралықпен, 50% толықтырумен қатынайды;

- моншалар, сауналар, фитнес-орталықтар, балалар түзету кабинеттері, білім беру орталықтары 50% толымдықпен қайта ашылады.

- сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-косметологиялық орталықтары, алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ 17 тамыздан кейін бірқатар тыйымдар сақталады:

- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанаттары және басқа да үлкен іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

- бар, түнгі және ойын-сауық клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына рұқсат берілмейді.

- мәдениет нысандарының, мұражайлардың қызметі, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге болмайды.

- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер ашылмайды.

- діни нысандардың, қаламаңы және қалааралық автобустардың жұмысына тыйым салынған (шағын автобустарды қоспағанда).


Соңғы жаңалықтар