Алматы облысында 1600-ден аса жас маусымдық жұмыста еңбек етті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл «Жасыл ел» жастар жасағының Алматы облысы бойынша филиалында 1695 жас маусымдық жұмыста еңбек етіп, табыс тапты. Олар екі ай көлемінде шөп шауып, қоқыс тазалап, ағаш суғарып, арықтарды қоқыстан тазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Алматы облыстық филиалы XIV маусымдық еңбек жұмысын маусым айынан бастады. Бір ай көлемінде Алматы облысы бойынша 669 адам  жұмыспен қамтылған.

«Олардың ішінде  13 мүмкіндігі шектеулі жан, 23 жетім және жартылай жетім, 56 жағдайы төмен отбасылардан және көп балалы отбасынан шыққан 69 жас жұмыспен қамтылды. Бір айдың ішінде жасақшылар 367 га шөп шауып, 124,4 т қоқыс жинап, 100,2 км суару ағындары тазартқан және 5206 ағаш суғарған болатын.Ағымадағы жылдың шілде айында 1031 жасақшы жұмыс істеді. Екі ай көлемінде жасыл елдің Алматы облыстық филиалында, аудандарда және ауылдық округтерінде 1695 жұмыссыз жастар еңбек етті», - делінген аталған ведомстваның таратқан ресми мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар