Алматы облысында 16 жастағы қыз менингиттен көз жұмды деп айту ерте - әкімдік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Алакөл ауданында көз жұмған қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, 16 жастағы қыз дене қызуымен ауруханаға түсіп, 11 сағаттан соң көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер  араша түсіп, өмірін сақтай алмаған қыздың өлімі Алакөл ауданындағы Үшарал қаласында болған. Мамандар, қыздың дерті менингококтық инфекцияға ұқсас екенін жасырмайды. Бірақ нақты баланың өліміне не себеп болғанын арнайы жүргізілген сараптама  анықтайтынын айтады.

«Мусымның 19-нан 20-сына қараған түні Үшарал қаласының орталық ауруханасына қыз бала келіп түсті. Түскен кезде дене қызуы өте жоғары болған. Ата-анасының айтуы бойынша, бала күндізгі сағат бірден бастап ауырған. Бірақ ауруды ушықтырып, сағат он бірге таман  ауруханаға келіп түсті. Өкінішке орай, 20-сы күні түскі уақытта қыз бала қайтыс болды. Қазіргі таңда бұл қыздың өлімі менингококтық инфекциядан болды деп айтуға тура келмейді. Себебі, клиникалық көрсеткіштері менингококтық инфекцияға ұқсас болғанымен, нақты сараптама қорытындысы шыққан жоқ. Қыздың нақты өліміне менингококтық инфекция себеп болған болса, қосымша хабарлаймыз», - деді Ғ.Жүкел.

Айта кетейік, Алматы облысында  менингококтық инфекциядан 3 адам қайтыс болды. Марқұмдардың анализдерінен  аталған жұқпалы дерт  анықталып,  сараптамамен дәлелденген.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар