Алматы облысында 16 жастағы аяғы ауыр бойжеткен көлік апатына түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 16 жастағы бойжеткен көлік апатына түсті. Ол Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2003 жылы туған науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ол жүктіліктің 2-3 аптасында. Дәрігерлердің қарауынан кейін, ауруханаға жатудан бас тартты. Амбулаториялық жағдайда ем қабылдайтын болады», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Алдын-ала мәлімет бойынша, Қызыл Қайрат аулынан шыға берісте жедел жәрдем көлігі жол талғамайтын автокөлікпен соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатқандықтан, аяғы ауыр бойжеткеннің нақты қай көлікте болғаны әзірге белгісіз.

Куәгерлердің айтуынша, бұл аймақта көлік апаты жиі болып тұрады. Мұның себебі - ескерту белгілерінің жоқтығы және кептелістердің салдарынан жүргізушілер қарсы бағытқа шығып кетеді екен.

Соңғы жаңалықтар