+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Алматы облысында 157 қару заңсыз айналымнан шығарылды

2020 жылғы 5 қаңтар 08:35
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 157 қару заңсыз айналымнан шығарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы Алматы облысының полиция қызметі 157 атыс қаруы мен 615 оқ-дәріні заңсыз айналымнан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте заңсыз қару жасап, оны сатып отырған қылмыстық топ мүшелері сотталды Алматыда қару ұстап жүргендер қамалды Оралда тапаншамен жүрген ер адам ұсталды

«Оның басым бөлігі - тегіс ұңғылы қарулар, бірақ тәркіленген қару арасында 5 «иір ойықты» мылтық пен 1 граната бар. Әр факті бойынша тергеу аяқталғаннан кейін тәркіленген қарулар қайта балқытуға жіберіледі», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Юрий Пак.

Соңғы рет заңсыз қару 1 қаңтарда Талдықорғанда тіркелді. Патрульдік полиция қызметкерлері «БМВ» көлігін тексеру кезінде шолақ мылтық, 16 калибр, тіркеу нөмірі жоқ газ револьверін тәркіледі.

«Қазір 19 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 287-бабы (Заңсыз қару сақтау) бойынша тергеу жүріп жатыр. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді», - деп атап өтті облыстық департамент баспасөз қызметінен.

2019 жылы өңірде тұрғындардан қару сатып алу акциясы өткізіліп, оған бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінген. Акция барысында тәртіп сақшыларына 97 адам хабарласып, 147 қару мен 610 патрон өткізген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT