Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматы облысында 141 ерекше бала білім алу құқығынан айырылған

2022 жылғы 29 маусым 22:32

ҚОНАЕВ.ҚазАқпарат - Алматы облысында 154 мүмкіндігі шектеулі азамат мемлекеттен тиесілі көмекті алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарасай ауданы прокуратурасы жүргізген талдау кезінде осындай фактілер анықталды.

Атап айтқанда, 141 кәмелетке толмаған бала арнайы оқу бағдарламасымен ғана білім алуға мұқтаждығына қарамастан, жергілікті атқарушы орган тарапынан осы балалар назардан тыс қалып, білім алу құқығынан айырылған.

Заңнама талаптарына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз ететіні айқындалған.

Алайда, 51 мүгедек санаторлық-курорттық емдеуге жолданбаған.

«101 мүгедекке заңнамамен кепілденген протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiлмеген. Оның ішінде 13 мүмкіндігі шектелген жасөспірімді аудандық меморгандар есту құралдарымен жабдықтамаған. Қарасай ауданы көлемінде 5 мыңнан аса арнайы көмек талап ететін азамат бар екендігін атап өту қажет. Осы тұрғындардың құқығын қорғау үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- делінген Қарасай ауданы прокуратурасының хабарламасында.

Фото: zr.zp.ua


Автор:

Самал Қабышева

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары