+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Алматы облысында 14 жасар қыз анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен

2020 жылғы 15 қазан 07:44
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 14 жасар қыз анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жасөспірім анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жалғыз өмір сүргісі келетінін айтып хат қалдырған.

11 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шелек ауылының 39 жастағы тұрғыны 14 жастағы қызының жоғалғанын айтып арызданған.

Шелек полициясының тергеушісі, полиция капитаны Баубек Ахметов істі өндіріске қабылдап, 9 қазан күні анасының қызын оқығысы келмейтіні, үй жинамағаны және үлкен қызы ретінде көмектеспегені үшін ұрғанын анықтады.

Анасына ренжіген жасөспірім 11 қазанда үйден кетіп бара жатып, анасының сөмкесінен жиһаз сатып алуға дайындап қойған 308 000 теңгесін алып, жалғыз өмір сүргісі келетіндігі туралы хат жазып қалдырған. Үйден қашып кеткен жасөспірімнің телефоны жауап бермеген.

Тергеуші суретімен бірге жасөспірім киімінің сипаттамасын жасап, іздеушілерге жеке тапсырма беріп, жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар жіберген. Келесі күні жедел уәкіл полиция капитаны Данияр Боланов қыздың Алтын Орда базарының жанынан екі аптаға пәтер жалдағанын анықтады. Ол пәтерден жасөспірімді таппаған.

Іздестіруді жалғастырған ол Алматы қаласындағы бір саябақтан жасөспірімді тауып, одан жұмсалмаған 131 000 теңге көлеміндегі ақшаны тәркілеген. Қызы мен ақшасын қайтарған полицияға ата-ана шын жүректен алғысын айтты.

Полицейлер анасынан кешірім сұраған қызбен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Анасын ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT