Алматы облысында 133 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 133 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы тәулікте коронавирустың 133 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 109 симптомдық, 24 симптомсыз жағдай анықталды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Ақсу ауданында бір адамның індет жұқтырғаны, ал Балқашта - 4, Еңбекшіқазақ-9, Ескелді-4, Жамбыл-10, Іле-12, Қарасай-17, Қаратал-2, Кеген-4, Кербұлақ-5, Панфилов-8, Талғар-16, Ұйғыр-1, Қапшағай қаласы-14, Талдықорған қаласы-23, Текелі қаласында үш адамнан тіркелген.

«13-қаңтар бойынша жалпы індет басталғалы облыста КВИ зертханалық расталған 58 182 жағдай тіркелген. Оның ішінде 43 593 симптом белгілерімен.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстыру кезінде 0,02%-дан (29.12-04.01) 0,08% - ға (05.01-11.01) дейін ұлғайды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар