+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Алматы облысында 122 сынып карантинге жабылып, екі мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жүр

2021 жылғы 10 қыркүйек 20:48
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 122 сынып карантинге жабылып, екі мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жүр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 301 оқушы коронавирус жұқтырып, емделіп жатыр. Салдарынан 122 сынып карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған СҚО-да коронавирустан қайтқандардың 78 пайызы - 61 жастан асқандар Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Қазір індетті жұқтырған 301 оқушының барлық сыныптастары яғни 1489 оқушы қашықтан оқытуға жіберілді.

Оқушылар арасында індетті ең көп жұқтырғандардың ішінде Талдықорған қаласы бірінші орында тұр.

Облыс орталығында 80 оқушыдан COVID-19 анықталған.

Мәселен қаладағы Ломоносов атындағы №5 мектептің 35 оқушысы коронавирус жұқтырса, №25 мектептен 11 оқушы, ал №28 IT лицей-мектептен 7 оқушыдан коронавирус анықталған.

«50 ұстаздан коронавирус анықталды. Ол кісілер ем қабылдауда және де мектепке дейінгі білім мекемелерінде 12 жағдай тіркелген», - деді Алматы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Әлішер Сырым.

Ал аудандардың ішінде коронавирус жұқтырған оқушылардың көбісі Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Талғар ауданында тіркелген.

Мәселен Еңбекшіқазақ ауданында 32, Ұйғыр ауданында 26, Талғар ауданында 22 оқушы індетті жұқтырып, қазір үйлерінде емделіп жатыр.

Жалпы Алматы облысында қазір коронавирус жағдайына байланысты 1790 бала үйінде білім алып жүр.

Оның ішінде індет жұқтырғандармен байланыста болғандар да бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT