Алматы облысында 120-дан астам жылқы ұрлаған барымташы ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағында 120-дан астам жылқыны барымталаған азамат ұсталды. Күдікті бұған дейін де мал ұрлығымен істі болған Еңбекшіқазақ ауданының 28 жасар тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Жамбыл ауданының ішкі істер бөліміне 17 желтоқсанда жылқымен айналысатын кәсіпкер шағымданып, белгісіз біреулердің 63 бас жылқыны айдап әкетті деп хабарлаған. Келесі күні тағы бір жылқышы 31 бас малының жоғалғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, 19 желтоқсанда тәртіп сақшыларына Іле ауданының тұрғыны 27 бас жылқысының ұрланғанын айтып шағым түсірген.

Жедел іздестіру шара барысында барымташы ұсталды. Жазаның ауыр болатынын түсінгендіктен күдікті жылқы ұрлағанын мойындап 63 бастың қай жерде тұрғанын айтқан. Қазіргі таңда ұрланған мал иелеріне қайтарылып, қалған жылқылар іздестірілуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Келтірілген шығын бірнеше миллион теңгеге бағаланған. Күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар