+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды

2018 жылғы 19 қаңтар 16:34
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды. Қазір 22 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Іле ауданында болған. 18-ші қаңтар күні аудандық ІІБ-не Междуреченск ауылының тұрғыны арызданып, баласын белгісіз адамның зорлап кеткендігі жайлы шағымданған.

«Бірнеше сағаттың ішінде күдікті анықталды. Қазір зорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 120 бабы 4-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, 1996 жылғы жігіт кәмелеттік жасқа толмаған қызға ауылдағы қонақ үйлердің бірінде жыныстық қарым-қатынас жасаған. Белгілі болғандай күдікті қонақ үйдің бөлмесіне алдын-ала тапсырыс беріп қойған. Ал жәбірленушіні ол жерге алдап алып келген.

«Күдікті өз сөзінде қыздың келбеті үлкен көрінгенін және олардың арасындағы жыныстық қарым-қатынас келісіммен болғандығы жөнінде айтты. Бірақ жәбірленуші тарап күдіктінің сөзін жоққа шығарып отыр», деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер.

Қазір 1996 жылғы күдікті Іле ауданының ІІБ қамауда отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT