Алматы облысында 107 жас маман мемлекеттік бағдарламаға қатыстырылмаған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кеген ауданында 107 жас маманның «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысуына мүмкіндік бермеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында мәлім болды. Кеңес мүшелері аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік істі қараған.

«Тексеру барысында 189 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен бюджеттік несиеге үміткер болған. 82 маманның тапсырысы қанағаттандырылып, еңбек жолын ауылда бастаймын деген 107 жас маманның құжаттары арнайы комиссияға кіргізілмеген», - деп мәлім етті аталған ведомства өкілдері.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бөлім басшысының қызметіне сәйкес емес деген ескерту беру арқылы тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жасады.

Соңғы жаңалықтар