Алматы облысында 10 жерден пышақ жарақатын алған оқушы қыз жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды (ФОТО)

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 13 мамыр күні қанға боялған 9-сынып оқушысы Альбина Мәселбаеваны үйдің ауласынан оның көршісі Лидия Ломакина көріп қалған.

«Әуелде мен оның өзіне қол салды ма деп ойлаған едім. Сөздерін тыңдасам, оған біреу шабуыл жасағанын түсіндім. Мен жарақаттарын бинтпен танып, дәрігерлердің келуін күттім», - деп баяндайды сол күннің оқиғаларын Л.Ломакина.

Жедел жәрдем қызметінің көлігі көп ұзамай жетіп, қыз бала Қаратал ауданының ОАА-на жеткізілді. Дәрігерлер кәмелеттік жасқа жетпеген қыздың денесінен он пышақ жарақатын көргенде, төбелері тік тұрды.

Ауруханаға полиция қызметкерлері келіп жетті. Жәбірленген қыздың әңгімесін тыңдаған олар іс жүзінде не болғанын анықтады.

Үштөбе қаласының Морозов атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы Альбина Морозова үйінде жалғыз болған. Анасы Алматыға жұмысқа кетіп қалған. Шамамен сағат 15:00-де оған сыныптас құрбысы Жанар Сатыбалдиева келді. Ұзақ әңгімелескен соң, Альбина қонақ қыздың көзінше анасының азық-түлік сатып алуға қалдырып кеткен ақшаны санай бастады.

Қаратал ауданының прокуроры Құралбек Шойбековтың хабарлауынша, бұл сәтте Сатыбалдиеваның ойына бұл ақшаны өзіне алу арам ойы туындады. Ас ішетін бөлемеден пышақ алған ол құрбысына шабуыл жасады. Одан кейін 19 мың теңгені алған ол, есікті кілттеп, қанға боялған Альбинаны пәтерде жалғыз қалдырып кетті», - деп түсіндірді Қ.Шойбеков.

Жәбірленушінің сыныптас құрбысына қарсы берген түсініктемелерінен кейін полицейлер қылмыс жасағанын мойындаған Жанар Сатыбалдиеваны бірден ұстады. Одан 19 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражаттар мен жәбірленушінің үйінің кілті алынды. Қазіргі кезде ол Қаратал АІІБ-нің уақытша қамау изоляторында отыр.

Қазіргі уақытта сот алдындағы тергеу жүргізілуде.

Жәбірленген қыз бала оған бірнеше ота жасағаннан кейін есін жинады, бүгін оны аурухананың жансақтау бөлімімен жалпы палатаға ауыстырды. Ата-анасы тәулік бойы қызының жанында отыр.

Соңғы жаңалықтар