Алматы облысында 10 жастағы баланы пышақтаған күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 10 жастағы баланы пышақтаған күдікті ұсталды. Қазір 21 жастағы Дархан Айдарханов уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кең көлемде іздеу жарияланған күдіктіні полицейлер Үшарал қаласында қолға түсірді.

«10 жастағы баланы тонап және оған пышақ жарақаттарын салған қылмыс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Іс Алакөл аудандық тергеушілердің өндірісінде. Сондай-ақ бұл іс облыстық Полиция департаментінің қатаң бақылауында», - деді облыстық Полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Естеріңізге, сала кетейік, 29 мамыр күні Алакөл ауданының Үшарал қаласында 10 жастағы баланы пышақтап кеткені жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті баланың үйіне алдап кіріп 20 мың теңге ақшаны ұрлап, 10-жастағы оқушыға бірнеше пышақ жарақатын салған. Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.

Соңғы жаңалықтар