Алматы облысында 10 жастағы бала карт тебем деп мерт болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 10 жастағы бала карт тебем деп мерт болды. Оқиға Іле ауданындағы картодромда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеткіншек карт машинасын басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған заттардан қойылған қоршауды бұзып өтіп, жол бойында тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған.

«Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, жеткіншек мінген картты оның артынан келе жатқан, карт қаққан. Соның инерциясымен жарыс машинасы қоршаудан бұзып шыққан. Куәгерлердің сөзінше, оқиға орнында Іле ауданы полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Олар қазір куәгерлерден жауап алуда»,-деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде мерт болған баланың туыстары түсіріп, таратқан видео жүр.


Соңғы жаңалықтар