Алматы облысында 10 сынып оқушысы суға ағып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 10 сынып оқушысы суға ағып кетті. Баланың денесі Қаратал өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі. 

 "2000 жылғы бала  досымен бірге Қаратал өзенін  кешіп өтпек болған. Сол сәтте оқушыларды  су ағызып  әкеткен. 2 жасөспірімнің бірі судан әрең шығып, аман қалды. Ал екінші өзеннің қатты ағысына қарсы тұра алмаған. Жоғалған бала Қаратал өзенінен табылды", - деді Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Оқиға кеше кешкісін сағат  20:00 шамасында болған.  Іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тек сағат 13:00 де  яғни, бүгін жоғалған баланың мүрдесі табылды. Іздестіру жұмыстарына мұғалімдер де жұмылдырылды. Өзенге ағып, артынша денесі табылған бала Ескелді ауданындағы Қаратал ауылындағы мектептің 10 сынып оқушысы.

Соңғы жаңалықтар