Алматы облысында 10 күнде браконьерліктің 159 фактісі тіркелді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ақпанның 15-26 күндері аралығында Алматы облысында браконьерлермен күрес жүргізілді. 11 күннің ішінде түрлі заңсыздықтың 159 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 күннің ішінде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 159 фактісі тіркелді. Оның 109-ы заңсыз аң аулау, 20-сы балық аулау, 24-і ағаштарды кесуге қатысты фактілер», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Бағдат Әшімов.

Ведомствоның мәліметінше, аталған істердің 8-і бойынша қылмыстық өндіріс қозғалған.

«Браконьерліктің алдын алу іс шарасы барысында 870 келі заңсыз ауланған балық, екі қайық, құжаты жоқ 5 аңшы мылтығы тәркіленді», - деп толықтырды Б. Әшімов.


Соңғы жаңалықтар