Алматы облысында 1 жыл бойы мектепке бармаған баланың ісі сотта қаралуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында 7-сынып оқушысы бір жыл бойы мектепке бармаған. Оқиға Кербұлақ ауданындағы Жоламан ауылында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісовтің айтуынша, қазір осы іс бойынша сот жүріп жатыр. Бірақ баланың ата-анасы сотқа келмеген. Ал оқушы толық емес отбасында тәрбиеленуде. Өзі бір үйдің жалғыз баласы екен.
«Баланың анасы баламды оқушылар ұрды деп арыз жазған. Бірақ ол расталмады. Барлық фактіні арнайы комиссия тексерген. Енді баланы ата-анасы мектепке жібермей отыр», - деді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов.
Бір жыл бойы білім алмаған оқушы жаңа оқу жылында 7-ші сыныпты қайта оқитын болады. Ал ата-анасына қандай шара қолданылатынын сот шешеді.
- Өскеменде көктайғақтан 130-дан астам адам зардап шекті
- Италиядағы жер сілкінісі: пойыздар тоқтатылды
- Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті
- Нью-Йорк полициясынан Қазақстан азаматының ұсталғандығы туралы ресми ақпарат түскен жоқ - ҚР СІМ
-
Жайықта мұз ойығына түсіп кеткен велосипедші құтқарылды
-
Жамбылда «КамАЗ-ға» соғылған екі автобуста 50-ге жуық жолаушы болған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам