Алматы облысында 1 жастағы екі сәби коронавирустан жазылып шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында 15 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар Қарасай, Іле, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласының тұрғындары. Індеттен жазылғандар ішінде бір жастағы 2 сәби де бар, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1958, 1959, 1961, 1962, 1963, 1964, 1968, 1977, 1982, 1983, 1988, 1991, 1997 жылғы азаматтар мен 2019 жылы туған 2 бала Шелек аудандық ауруханасы мен Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында 30 сәуірден бастап тиісті ем қабылдаған. Қазір барлығының жағдайы жақсы, денсаулықтарына шағымдары жоқ.

Алматы облысында коронавирусты жалпы 201 адам жұқтырды, оның ішінде 126 адам індеттен жазылды.

Соңғы жаңалықтар