Алматы облысында 1 млрд теңгеден астам қаражат игерілмей қалған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық полиция департаменті 108,9 млн теңгені игермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының қаржы басқармасы басшысы Жасұлан Естеновтың айтуынша, бұл қаражаттың 99,9 млн теңгесі арнайы көлік алуға жұмсалуы тиіс болған. Бірақ тергеу қамауында отырғандарды тасымалдауға арналған арнайы машина жеткізілмегендіктен қомақты қаржы игерілмей қалған.

«Аталған департаменттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға

5,6 млн теңге бөлінген. Бірақ арнайы жабдықтар жеткізілмегендіктен қаржы кері қайтарылған»,- делінген облыстық мәслихат таратқан хабарламада

Жалпы былтыр Алматы облысы бюджетінің түрлі салалар бойынша 1 млрд теңгеден астам қаражаты игерілмей қалған.

Бұған дейін Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында 500 млн теңге игерілмегенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, былтырғы жылы ең көп қаражатты игермеген Алматы облыстық ауылшаруашылық басқармасы (526,5 млн теңге) мен облыстың Полиция департаменті (108.9 млн теңге) болды.



Соңғы жаңалықтар