Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталды, елдегі науқастар саны 53-ке жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 1 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 21 наурыз сағат 12.00-дегі мәліметтерді жариялады.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Талдықорған қаласында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.
Соңғы жаңалықтар