Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылындағы төтенше жағдайлар салдарын жою аяқталды

None
None
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылындағы төтенше жағдайлар салдарын жою аяқталды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

«2010 жылы наурыздың 22-інде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Валерий Петровтың бұйрығына сәйкес Алматы облысының Ақсу ауданында апаттық құтқару және тұрғындардың тыныс-тіршілігін уақытша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды», делінген хабарламада.

Дегенмен, 2010 жылғы наурыздың 30-ына дейін Төтенше жағдайларды жою департаментінің директоры, генерал-майор Диқанбек Сатылғановтың жетекшілігімен із-түзсіз жоғалған адамдарды табу бойынша іздеу жұмыстарын аяқтау жоспаранып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жауынның мол түсуінен және ауа температурасының жоғарлауынан наурыздың 12-сі күні түнде «Қызылағаш» су қоймасының бөгеті бұзылып, су тасқыны бүкіл ауылды шайып кеткен болатын. Су тасқынының салдарынан 43 адам қаза тауып, 2 азамат із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Соңғы жаңалықтар