Алматы облысы: Жылдың үздік спортшылары кімдер

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласында Алматы облысының үздік спортшыларына құрмет көрсетілді. Салтанатты кездесуде облыс әкімі Амандық Баталов оларға марапаттар тапсырып, жаңа жеңістер мен биік белестер тіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өткен жыл қорытындысы бойынша зілтемірші Альберт Линдер мен Карина Горичева және грек-рим күресінің шебері  Демеу Жадыраев үздік спортшылар атанды. Спорттағы ерен еңбектері үшін оларға дипломдар мен әрқайсысына 700 мың теңгенің сертификаты берілді.  Бұдан өзге, жыл ішіндегі жетістіктері үшін 28 спортшыға 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейінгі сертификаттар тапсырылды. Құрметке бөленгендер қатарында Ольга Пастухова, Анатолий Савельев, Жандос Исмайлов, Бегарыс Садуақасов, Алена Станская, Ұлан Рысқұл, Бейбіт Назаров және басқалары да бар.

Жаттықтырушылар құрамы да назардан тыс қалған жоқ.  Жылдың үздік жаттықтырушылары болып Сергей Седов пен Боранбек Қоңыратов танылды. Сонымен қатар шәкірттері жеңіс тұғырынан көрінген 20-дан астам бапкер  де құрметке бөленді.  Олар - Алексей Клиновитский, Әбілқайыр Байбосынов, Манат Таласпаев, Азамат Балпықов және тағы басқалар.
null 

Кездесу барысында облыстағы үздік спорттық мекемелерге де марапаттар берілді.

Айта кету керек, 2017 жылы Алматы облысының спортшылары  түрлі деңгейдегі 1345 медаль жеңіп алды (495 алтын, 372 күміс, 478 қола). Өткен жылы 1 ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 18 халықаралық санаттағы спорт шебері, 132 спорт шебері, 648 спорт шеберлігіне кандидаттар мен 381 бірінші разрядтағы спортшылар дайындалды. Сондай ақ облыста спортты дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде. Мәселен өткен жылы дене шынықтыру және спорт саласына жергілікті бюджеттен 8 млрд теңге қарастырылса, биылғы жылы бұл сома 14 млрд теңгеге жетіп отыр.

 null null 

Соңғы жаңалықтар