USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды

2018 жылғы 21 наурыз 14:04
Бөлісіңіз:
Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жалғыз моноқала тізіміне енген Текелі қаласында 80 отбасы баспаналы болды. Ұлыстың ұлы мейрамы - Наурыз мерекесі қарсаңында текеліліктер осылайша қос қуанышқа кенелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы Бақтияр Өнербаев қоныс той иелеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етіп, әр отбасыға береке-бірлік тіледі.

80 пәтерлі арендалық үй "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бой көтерген. Тұрғын үйдің құрылысына "Ұлттық қордан" 409 млн теңге, жергілікті бюждеттен 45 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Жаңа баспана мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасыларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, толық емес отбасыларға, көпбалалы жанұяларға берілді.

Қоныс той иелерінің қатарында пәтер кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрған зейнеткер Фатима Ізбасарова да бар. Қария 85 жасында баспаналы болды.

Текеліде 2018-2021 жылдар аралығында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тағы 40 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT