Алматы облысы тұрғынының ауласынан 7 кг марихуана табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, полицейлер заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті күшейтті. Нәтижесінде бір күнде есірткінің заңсыз айналымына қатысты алты тұлға анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде есірткі заттарын өндіру, оны пайдалану мен таратудың алты дерегін әшкерелеп, кінәлі тұлғаларға қатысты істерді өндіріске алған.

«Бір  күн ішінде ескірткінің заңсыз айналымына қатысы бар алты тұлға анықталды. Оның ішінде, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарасай ауданының 50 жастағы тұрғынының ауласынан баптап өсірілген 53 түп марихуанна өсімдігі табылып, тәркіленді. Айғақ заттың жалпы салмағы жеті келі болды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес күдіктіге қатысты іс қозғалды»,- деп хабарлайды полиция өкілдері.

 Алматы облысы Ішкі істер департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан полицейлер облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, төрт тоннаға жуық есірткі өнімдерін тәркілеген.

Соңғы жаңалықтар