Алматы облысы тұрғындарын мемлекеттік субсидия алып берем деп алдаған алаяқ ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласында екі азаматша жергілікті тұрғындарды мемлекеттік субсидия алып беруге көмектесем деп алдап, олардан қомақты қаржы алған. 3 дерек бойынша шығын көлемі 4 млн теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қапшағай қалалық полиция бөліміне шаһардың үш тұрғыны екі әйелдің үстінен арыз түсірді. Олар жағдайы төмен отбасыларға шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша субсидия алып берем деп, қомақты қаржыларын алып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету барысында күдіктілерді анықтап, бөлімшеге жеткізді. Әйелдердің бірі Жаркент қаласының 44 жастағы тұрғыны болса, екінші азаматша 79 жастағы Қапшағай тұрғыны. Әзірге жәбірленушілер саны үшеу. Күдіктілер олардың 4 млн теңгеден астам қаржысын қолды қылған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 190 бабы, алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қапшағай қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Тұрғынбаевтың айтуынша, бұл іске қатысы бар тағы бір күдікті әйел анықталған. Оның Алматы қаласында осыған ұқсас қылмыс бойынша тергеліп жатқаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар