Алматы облысы: Төрт күнде 200-ге жуық адам айықтырғышта болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 23-27 қаңтар күндері Алматы облысының аумағында полиция қызметкерлері «Профилактика» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп, 178 құқық бұзушыны медициналық айықтырғышқа жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс-шара мас күйде және отбасылық-тұрмыстық салада, сондай-ақ жасөспірімдер жасайтын қылмыстардың алдын алу мақсатында жүргізілді.

Іс-шара кезінде тұрақты мекенжайы анықталмаған 110 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132 және 442-баптарының талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол бергені үшін он мекеме жауапкершілікке тартылып, жалғыз жүрген 254 жасөспірімнің ата-анасы мен заңды өкілдеріне әкімшілік айыппұл салынды.

«Профилактика» жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс аумағында 1 916 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тәртіп сақшылары тиісті шаралар қабылдады», - деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Алматы облысы аумағында «Профилактика» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, үш күнде түнде жалғыз жүрген 155 бала анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар